«Қазаэронавигация» РМК-ның есебі

«Қазаэронавигация» РМК-ның тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2021 жыл үшін есебі

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2021 жылғы 31  желтоқсандағы жағдай бойынша  кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы Нұр-Сұлтан  қаласында орналасқан орталық аппараттан және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан он бес филиалдан тұрады.

2021 жылы Кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік саны 2 664 адамды құрады.

«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия салаларына жатқызылған.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кәсіпорын қызметін бақылау мен реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және    инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жүзеге асырады.

1. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы

2021 жылы инвестициялардың жалпы сомасы 18 037, 26 млн. теңгені құрады (жедел деректер), ол мынадай іс-шараларға бағытталды:

  • жалпы сомасы 1 710,62 млн. теңгеге әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің орталықтарын (ӘҚБ АЖ) жетілдіру;
  • 17, 57 млн. теңгеге тірек навигациялық пункттер желісін (ТНП) құру;
  • 1 821,79 млн. теңгеге навигация және бақылау жүйелерін дамыту;
  • 2 288,31 млн. теңгеге авиациялық электр байланысын және ақпараттық коммуникацияларды дамыту;
  • 392,87 млн. теңгеге метеорологиялық мақсаттағы құралдарды дамыту;
  • 10 900,81 млн. теңгеге РТЖ ғимараттарын, құрылыстары мен объектілерін салу және күрделі жөндеу;
  • 15,20  млн.  теңгеге  қауіпсіздік,  күзет-өрт  дабылдамасы  (КӨД)  және автоматты өрт сөндіру жүйелері;
  • 890,09 млн. теңгеге негізгі құралдарды сатып алу.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі    Азаматтық    авиация    комитеті    төрағасының    2021 жылғы 24 желтоқсандағы №95 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық    даму    министрлігі    Азаматтық    авиация    комитетінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 45 «Халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді және әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2021 жылға жоспарланған инвестиция сомасы 3 372,52 млн. теңгені құрайды.

Инвестициялық бағдарламаның орындалуы 96%  немесе  3  243,42  млн. теңгені құрады (1-қосымша).

Инвестициялық бағдарлама аясында келесі іс-шаралар орындалды:

  • Қостанай қ. ILS ҰҚЖ-33 және ILS ҰҚЖ-15 қондыру жүйесі.  Құрылыс-монтаждау жұмыстары – 977,81 млн. теңге;
  • «Қазаэронавигация» РМК «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалына 556,92 млн. теңгеге авиациялық  тіркелген  AFTN  электрбайланыс желісінің  автоматтандырылған хабар алмасу жүйесі мен ӘҚҚ-AMHS хабар алмасу жүйесі үшін жабдықтар сатып алу;
  • «Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалына 606,27 млн. теңгеге авиациялық  тіркелген  AFTN  электрбайланыс желісінің  автоматтандырылған хабар алмасу жүйесі мен ӘҚҚ-AMHS хабар алмасу жүйесі үшін жабдықтар сатып алу;
  • «Қазаэронавигация» РМК «БҚ ӘҚҰ ӨО» филиалына 509,86 млн. теңгеге авиациялық тіркелген AFTN электрбайланыс желісінің автоматтандырылған хабар алмасу жүйесі мен ӘҚҚ-AMHS хабар алмасу жүйесі үшін жабдықтар сатып алу;
  • «Қазаэронавигация» РМК Шымкент филиалына 119,1 млн. теңгеге авиациялық тіркелген AFTN электрбайланыс желісінің автоматтандырылған хабар алмасу жүйесі үшін жабдықтар сатып алу;
  • 302,75 млн. теңгеге «Қазаэронавигация» РМК ОҚ ӘҚҰ ӨО филиалында орната отырып, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Орал, Алматы қалаларындағы кәсіпорынның телефон желісінде ЖІІЖ жүргізуді қамтамасыз ету үшін бағдарламалық-аппараттық кешен жабдығын сатып алу;
  • 170,71 млн. теңгеге резервтік метеорологиялық жабдық жиынтығын сатып алу, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары;

Инвестиция көзі – меншікті қаражаты.

2. Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2021 жылы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінен күтілетін нақты кірістер 3 635 млн.теңгені құрайды, оның ішінде ӘК аэронавигация қызметінен түсетін кірістер бойынша — 2 308 млн. теңге және ӘМ – 1 327 млн. теңге (2,3-қосымша).

2011-2021 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін қызметтері шығынды болып табылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша шығындар:

  •  ӘК (- 6 451) млн. теңге;
  • ӘМ (-1 651) млн.теңге.

Бекітілген тарифтік сметаларда көзделген шығындардан іс жүзінде қалыптасқан шығындардың ұлғаюының негізгі себебі материалдарға, жанар-жағармай материалдарына, электр энергиясына бағалардың және бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер құнының өсуі болып табылады.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында әуежайдың ашылуына байланысты Кәсіпорын жаңа объектілер пайдалануға берілді, осыған байланысты электр энергиясын тұтыну өсті, өндірістік персоналды медициналық тексеруге арналған шығыстар ұлғайды, сондай-ақ жаңа байланыс арналарын жалға алу қажеттілігі туындады, бұл байланыс қызметтері бойынша шығыстардың өсуіне әкеп соқты.

Аэронавигацияның  реттеліп  көрсетілетін  қызметтерінің  көлемі  заттай көрсеткіште әуе кеңістігінде 7%-ға және әуеайлақ маңында 22%-ға ұлғайды.

3. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы

Уәкілетті орган Кәсіпорынға реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштерін бекітпеген.

4. Табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

Уәкілетті орган Кәсіпорынға қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін бекітпеген.

5. Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер туралы

2021  жылы   Кәсіпорынның  кірісі   74   914   млн.теңгені   құрады,  бұл

2020 жылы алынған кіріс деңгейінен 40%-ға немесе 21 423 млн. теңгеге жоғары.

2021 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс  71 648 млн.теңгені құрады.

2020 жылға қарағанда кіріс 41% немесе 20 986 млн.теңгеге ұлғайды. Негізгі қызметтен  түсетін  кірістің  ұлғаюына  аэронавигациялық  қызмет  көрсетуден түсетін кірістердің көбеюі әсер етті.

2021 жылы аэронавигациялық қызмет көрсетуден түскен кіріс 71 439 млн.теңгені құрады. АНҚ-дан түсетін кіріс Кәсіпорынның талданып отырған кезеңдегі жалпы кірісінің 88%-ын құрайды. 2020 жылмен салыстырғанда АНҚ-дан түскен кірістер 42%-ға немесе 20 957 млн.теңгеге ұлғайды. Табыстың өсуі коронавирустық пандемиядан кейін ұшу санының артуымен байланысты.

Кәсіпорынның шығыстары (корпоративтік табыс салығын қоса алғанда)  2021  жылы  61  253  млн.  теңгені  құрады.  2020  жылға  қарағанда шығыстар   (корпоративтік   табыс   салығын   қоса   алғанда)   15%-ға   немесе 7 950 млн. теңгеге ұлғайды.

2021 жылы таза пайда 13 661 млн. теңгені құрады.

6. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы

Кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметіне мыналар жатады:

  • халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
  • халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне  аэронавигациялық қызмет көрсету.

Аэронавигациялық қызмет көрсетуден алынатын жалпы кірісте талданып отырған кезеңде реттеліп көрсетілетін қызмет 5%-ды құрайды.

Реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдарының жалпы көлеміндегі тұрақты ішкі тасымалдардың үлесі (ұшақ- километрмен) айтарлықтай салмақты және 2021 жылы шамамен 93% құрады.

Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерінің көлемі

Атауы

Өлшем бірл.  

2021 жыл

 

2020 жыл

 

Ауытқу

Ұшақ-километр мың км 69 839 51 695 18 144
Ұшақ — ұшу тоннажы мың тонна 4 245 2 886 1 359
АНҚ кірісі барлығы, оның ішінде млн. теңге 3 635 2 409 1 226
— ӘК АНҚ млн. теңге 2 308 1 523 785
— ӘМ АНҚ млн. теңге 1 327 886 441
АНҚ шығыстары барлығы, оның ішінде  

млн. теңге

 

11 737

 

10 201

 

1 536

— ӘК АНҚ млн. теңге 8 759 7 523 1 236
— ӘМ АНҚ млн. теңге 2 978 2 678 300
 

Пайда (салық салынғанға дейін)

 

млн. теңге

 

— 8 102

 

-7 792

 

310

 

2021 жылы тұтынушыларға көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 2020 жылғы фактіге қарағанда ұшақ километрлері бойынша 35% және ұшақ ұшып шығу тоннажы бойынша 47%-ға ұлғайды.

Қазақстан Республикасында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін ызметтері бойынша кіріс 2021 жылы 2020  жылға   қарағанда  51%-ға   ұлғайды,   ұлғаю   карантиндік  шаралардың жеңілдетілуінен кейін әуе қатынасының кезең-кезеңімен қайта басталуына байланысты.

7. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы

2021 жылы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының 81 авиакомпаниясына (қызметтері өтеусіз негізде көрсетілген авиакомпанияларды қоса алғанда) ұсынылды.

2021 жылдың ішінде халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе  кеңістігінде  және  әуеайлақ  маңында  әуе  кемелеріне  аэронавигациялық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге Қазақстан Республикасының авиакомпанияларымен 7 шарт жасалды және қайта жасалды.

2021 жылы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің негізгі тұтынушылары мынадай авиакомпаниялар болды:

«Эйр Астана» АҚ

«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ

«Qazaq Air» АҚ

«Южное небо» авиакомпаниясы» АҚ

«East Wing» АҚ

«Prime Aviation» АҚ

«Fly Jet.kz» ЖШС

«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК

«Comlux-KZ» авиакомпаниясы» ЖШС

«KAZ AIR JET» акционерлік қоғамы

«Жезқазған-Эйр» АК» АҚ (ZHEZAIR)

«Қазавиақұтқару» АҚ

ШҚО әкімі аппаратының «ШҚО ПӘ» КМҚК

«KAZ AIR JET» АҚ

«Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ

«Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ

Жоғарғы әуе кеңістігінде және ҚР әуеайлақтары маңында әуе кемелеріне қызмет көрсетуді Кәсіпорын жоғары деңгейде жүзеге асырды.

8. Қызметтің перспективалары туралы (даму жоспарлары)

2025 жылға дейінгі Кәсіпорынның даму бағдарламасымен және Аэронавигациялық жүйені дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған жоспарымен ИКАО-ның жаһандық аэронавигациялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

2020-2021 жылдар кезеңінде Алматы және Нұр-Сұлтан әуеайлақтары бойынша PBN ұшу схемалары енгізіліп, ресімделді және аэронавигациялық ақпарат жинағына қосылды. Сондай-ақ, Ақтау, Атырау, Өскемен, Үшарал, Шымкент әуеайлақтарында сипаттамаларға негізделген (PBN) әуеайлақтық процедураларды одан әрі енгізу жобасы жалғастырылатын болады. Осы кезеңде ATN желісін модернизациялау да аяқталатын болады.

Әуе   кеңістігін  икемді   пайдалану  жобасын   іске   асыру   шеңберінде әскери-азаматтық үйлестіру мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, ҚР ҚК ӘҚК әуе қозғалысын басқару орталықтарының (ӨО, АО, ҚАО) кезекші ауысымдары мен «Қазаэронавигация» РМК филиалдарының ӘҚҚ қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі үлгілік нұсқаулық бекітілді.

2025 жылға қарай әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшуды қолайлы траекториялар бойынша орындауға мүмкіндік беретін ҚР әуе кеңістігінде еркін маршруттау приницпін (FRA) енгізу жөніндегі жобаны әзірлеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта әуе кеңістігінің құрылымы ұшу орындалатын бағыттар желісінен тұрады. Авиакомпаниялар жоғарғы әуе кеңістігінде кіру нүктесінен шығу нүктесіне дейін маршруттарды өздері әзірлеуі үшін осы желіден бас тартуы мүмкін. Маршруттарды оңтайландырудың арқасында ұшу уақыты қысқарып, соның нәтижесінде отын үнемделетін болады. Кейіннен әуе кеңістігін икемді пайдалану технологиясын (FUA) енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарда бар.

Белгіленген перспективалық жоспарларды іске асыру ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның әуе  кеңістігінің тартымдылығын арттыруға негіз болады.

Сондай-ақ, «2021-2025 жылдарға «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді және әуеайлақ маңында  әуе  кемелеріне  аэронавигациялық  қызмет  көрсетуді  қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін  атқарушының 2020  жылғы  28  қазандағы  №  69  бұйрығына  сәйкес 2021-2025 жылдарға халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және әуеайлақ мыңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Сонымен қатар, «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда,   әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 74 бұйрығына сәйкес Кәсіпорын үшін халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, олар 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданысқа енгізілді.

________________________________________________________________

1-ҚОСЫМША

2-ҚОСЫМША

3-ҚОСЫМША